Қазақстанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Этножурналистика» бағыты бойынша магистрлерді даярлана бастайды. Бұл республикамыздың ішінде бірінші тәжірибе болмақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы жанындағы биылдан бастап магистранттар «Этножурналистика» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Қазақстан үшін бұл ғылыми зерттеу және этносаралық мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениетаралық алмасуда көрсету саласында мамандарды даярлаудың мұндай алғашқы тәжірибесі. Бұл орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кездейсоқ таңдалған жоқ. Ұзақ уақыт бойы, Кеңес Одағы кезеңнен бері республикадағы этникалық диаспоралардың газеттеріне, радио редакцияларына және телехабарларына болашақ кадрларды дайындаудың негізгі жұмыстары осында жүргізілді. Өткен жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің бастамасымен этносаралық қатынастар тақырыбын жетік меңгерген мамандарды даярлау мәселесі көтерілген болатын. Басты назар Қазақстандық және шетел этножурналистерінің шығармашылығы, мәдениетаралық және өркениетаралық түсіністіктің қағидалары мен әдістерін зерделеуге және кәсіби дамытуға аударылады.
Арман ҚҰДАБАЙ

