Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      1 наурыз – Алғыс айту күні. Өткенге тағзым, болашаққа үміт

      Главная
      —
      Новости
      —1 наурыз – Алғыс айту күні. Өткенге тағзым, болашаққа үміт
      1 наурыз – Алғыс айту күні. Өткенге тағзым, болашаққа үміт
      Отанымызда Алғыс айту күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуына орай 2016 жылдан бері атап өтіліп келе жатыр. Бұл мереке – көпұлтты Қазақстан Республикасы халқының достығын нығайта түсетін бірден-бір мереке. Тәуелсіз мемлекетімізде 120-дан астам ұлт бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруде.
      Жер тынысы кеңейіп, тіршілік атаулысы қайта жаңғыратын көктем мезгілінің алғашқы күнінде отандастар бір-біріне алғыс айтып, шынайы лебіздерін білдіреді. Туыс-туғандар, дос-жарандар мен көрші-қолаңдар бір дастарқан басында бас қосып, ажырамас бірлігін нығайта түспек.

      Алғыс күніне орай 1-наурыз күні Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде «Арайлы Атамекенім» атты Ассамблея жастарының кездесуі өтеді.
      Іс шараның қонақтары ретінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, армия ардагерлері, ақ халатты абзал жандар мен ардақты ұстаздар және ғылыми зиялы қауым өкілдері шақырылды.
      Көп ұлтты Қазақстан халқы бірлесе ұйымдастырып жатқан салтанатты іс шараның өскелең ұрпаққа берері мол. Атап айтсақ, тарихи ұжымдық естелік негізінде бірлікті, бейбітшілік пен келісімді, қазақстандық патриотизмді, еліміздегі этностардың бір-біріне және мемлекетіміздің азаматтарына – қаһармандар мен Отан үшін қызмет еткендерге, олардың игі істері үшін алғысын нығайту.

      Алғыс айту күнінің түпкі тарихы

      Қазақ халқы өткенінде нағыз қилы заманды басынан кешкені мәлім. Соған қарамастан жазмыштың тауқыметін тартып, қазақтың қара жеріне пана іздеп келген өзге этнос өкілдеріне жергілікті халық бауырмашылдықпен қарады.
      Патшалық Столыпин реформасы кезінде заманауи Қазақстан аумағына біршама этностар депортациялана бастады. Түрлі ұлт өкілдері ашық далаға аяусыз әкеліп тасталынды. Қазақ отбасылары қилы кезде өмір сүріп жатқандарына қарамастан, оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық таныта білді.
      Өткен ғасырдың басында Қазақстан аумағына Ресей, Беларусь және Украинадан 1,1 миллион адам қоныс аударды, ал 1930 жылдары кеңестік ұжымдастыру кезінде 250 мың шаруа жер аударылып, тағы 1,2 миллионға жуық жұмысшы өнеркәсіп нысандарын тұрғызуға келді.
      Ал Қиыр Шығыстан 1937 жылдың күзінен бастап 100-мыңға жуық корейліктер көшірілді. Келгендердің барлығы Отанымызда орнын тауып, қиын заманды қазақ халқымен бірге еңсере алды.
      Сол себепті елімізде аталып өтетін мерекелер қатарына Алғыс айту күнінің енуі дұрыс қадам болды. Мерекенің түп төркіні қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіруге келіп тіреледі.

      Алғыс айту күнінің мәні

      Мерекенің басты мәні – жас ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрметке және патриоттыққа баулу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайта түсу.

      Алғыс айтудың ағзаға пайдасы

      Шын мәнісінде алғыс білдірудің адам ағзасына беретін пайдасы мол. Бағзы заманнан бері түрлі ғалымдар, пәлсапашылар мен рухани көшбасшылар рақмет айтудың пайдасы туралы айтып келуде. Көптеген зерттеулер алғыс күнделігін жүргізетін адамдар басқаларға қарағанда бақыттырақ әрі денсаулығы мықтырақ келетінін көрсетті.
      Алғыс білдіру шын мәнінде бізді жағымсыз эмоциялардан арылтанын түсінген жөн. Себебі адам баласы риза болып жүрген жанды жек көре алмайды. Бұл қасиеттің денсаулыққа пайдалы қасиеттері де бар. Бақыт сезімі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды, өмірден барынша ләззәт алуға септігін тигізеді және қатты шаршаудың алдын алады.
      Шынайы алғыс білдіре алатын адамдар негізінен психикалық ауруларға төзімдірек келеді. Мұндай адамдар депрессия, көре алмаушылық, өкпе-реніш секілді заттарға мән бермейді. Сонымен қатар алғыс айтқан сайын адамның миында бақыт гормоны– дофамин бөлінеді. Дофаминді шынайылық пен жақсы сезім арасында тұрған нейромедиатор деп атауға болады. Алғыс білдіре білетіндердің стресске төзімді келетінін біршама ғылыми зерттеулер дәлелдеді. Өмірде кездесетін оңай емес сәттерге, ауыр жарақаттарға қарамастан өмірге риза адамдар әр қиындықты еңсере алады.


      Нұртөре ЖҰМАҒҰЛ
      Назад к списку

      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ