6 шілдеде қазақстандықтар Астана күнін тойлайды. Астананың еліміздің бас қаласы болғанына биыл 25 жыл толды. 1994 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Елорданы Ақмола қаласына көшіру туралы» қаулы қабылдап, үш жылдан кейін Ақмола қаласы толыққанды елорда атанды. Негізгі және ең маңызды оқиға 1998 жылы болды. Елордамыз Астана деген атына ие болды. Бұл тікелей «елорда» деген мағынаны білдіреді. Бір қызығы, Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеул де «астана» дегенді білдіреді. Елордамыз Ақмола, Целиноград, Астана, Нұр-Сұлтан деген әртүрлі атауларды өзгертті. Қазір Астана әдемі әрі заманауи инфрақұрылымы бар дамып келе жатқан қала. 25 жыл ішінде Астана келешегі зор даму орталығына айналып, жыл сайын қала тұрғындарының саны артып келеді. Астана қаласы Елорда атануға әбден лайық!

