Размер шрифта
Цвет фона и шрифта
Изображения
Озвучивание текста
Обычная версия сайта
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Подать заявку
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
+7 (778) 160-13-34
+7 (778) 160-13-34
E-mail
gazeta.koreilbo@gmail.com
Адрес
050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
Режим работы
Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
Корё ильбо
Газета «Коре ильбо»
О Газете
  • О Газете
  • История
  • Партнеры
  • Подписка на газету
  • Архив газеты
  • Сотрудники
  • Актуально
О корейцах
  • О корейцах
  • Корейское общественное движение
  • Традиции и обычаи
  • Библиотека
Новости
뉴스
Библиотека
Kistory_mag
    "/>
    Корё ильбо
    О Газете
    • О Газете
    • История
    • Партнеры
    • Подписка на газету
    • Архив газеты
    • Сотрудники
    • Актуально
    О корейцах
    • О корейцах
    • Корейское общественное движение
    • Традиции и обычаи
    • Библиотека
    Новости
    뉴스
    Библиотека
    Kistory_mag
      "/>
      +7 (778) 160-13-34
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      Корё ильбо
      Телефоны
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      Корё ильбо
      • О Газете
        • О Газете
        • О Газете
        • История
        • Партнеры
        • Подписка на газету
        • Архив газеты
        • Сотрудники
        • Актуально
      • О корейцах
        • О корейцах
        • О корейцах
        • Корейское общественное движение
        • Традиции и обычаи
        • Библиотека
      • Новости
      • 뉴스
      • Библиотека
      • Kistory_mag
      • +7 (778) 160-13-34
        • Телефоны
        • +7 (778) 160-13-34
        • Заказать звонок
      • 050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      • gazeta.koreilbo@gmail.com
      • Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00

      ӘКЕ БЕЙНЕСІ

      Главная
      —
      Новости
      —ӘКЕ БЕЙНЕСІ
      ӘКЕ БЕЙНЕСІ
      24.09.2026
      Әке жайында жазылар жыр да, айтылар сыр да көп. Тек оны дер кезінде жеткізе алған сәттеріміз аз. Перзенті үшін жанкешті күн кешетін әкелердің өмірі туралы Юн Сыңчонның «Әкемнің хаты» атты өлеңін қара сөзбен көркемдеп аударып ұсынып отырмын.

      Юн Сыңчон 1958 жылы Кёңсан-Пукто провинциясының Ечхон қалашығында дүниеге келді. Чуңбук ұлттық университетінің корей тілі мен әдебиеті факультетінің түлегі. «Әдебиет орталығы» журналының 1984 жылғы дебютанттар сыйлығы арқылы шығармашылық жолын бастады.

      Юн Сыңчон – «Әкемнің хаты»

      Балам, үш маджиги* күріш алқабының түбінде бақашабақтардың қарны кеуіп, тіршілік өлуге айналған 1982 жылдың жазы – сенің жиырма бір жасқа толған кезің еді. Сол жылы сенің күлкің де ерекше сылдырмен Сеулдегі жолдастарыңның күлкісіне араласып, жарықшағы көбейген мына егістікке дейін жететін. Сен күн сайын университетте бар күшіңді салып оқып жүргеніңді, жиырма бір жасар шағыңда армандауды үйреніп жүргеніңді хат арқылы жазған сайын қуаныштан төбем көкке екі елі жетпестен бар шаршағанымды ұмытып, құдық қазуды жалғастыратынмын.

      Кеуіп, солып қалған картопты айтпағанда, жартылай ғана өскен үрмебұршақтың өзі едәуір олжа еді. Бірақ сенің Сеулге деген әсем махаббатың үшін, курстастарыңмен бірге өткізер жастық шағың үшін, сарғайып қалса да, қуарып солса да, күріштің тым болмаса бір түбін аман алып қалуым керек... еді... Ақыр соңы жаңбыр жаумай, сусыз қалған үш маджиги күріш алқабының бір түбін де сақтап қала алмадым. Сонда да сенің асқар таудай арманыңа сызат түспесін деп, сенің жастық жалыныңды өзгелер кемсітпесін деп, үнсіз ғана маңдай терімнің соңғы тамшысына дейін сығып, азын-аулақ тапқанымды саған жіберуші едім.

      Иә, балам, солай-солай жылдар өте берді. Сен де бірте-бірте оқуыңды аяқтар сәтке келдің. Өзіңе үміт артып күн кешкен әке-шешең ендігі бел жазып, кең тыныстайтын күнге де жетер. Егін екпей-ақ, өмір сүретін сәт те келер. Қазір жұрт «университет бітіргеннің бәрі бұрынғыдай емес», деп жүр. Бәлкім, заманның өзі де өзгерген шығар. Десе де, олар сенің қалай білім алып, қандай қиындықтан өткеніңді дәл өзіңдей біле алар ма?

      Анаң сені бұрынғыдан да жиі алаңдайды. «Тәтті картоптың бір қабын болса да ертерек жинап ап, сен жалға алған пәтердің иесіне жіберуім керек» – деп, түннің бір уағына дейін ұйықтамайды. Сосын әбден шаршап, еріксіз ұйқыға кетеді. Сені өсіремін, оқытамын деп әжім басқан жүзі мен ісініп, қажалған қолдарын көрсем, неге екенін білмеймін, жанарыма жас моншақтап, теріс қарап жатамын.

      Қалай болғанда да, сенің оқуды аяқтауың – біз үшін қуаныш. Бірақ соған қарамастан, сол күн келген сәтте қос иығымды ырғалтып, баладай билер едім ғой. Ал қазір билеу былай тұрсын, керісінше, өзіңе қамқор болған 4 жыл сынаптай сырғып өткенде, не үшін жылап отырғанымды түсінбей далмын.

      Иә, жұрт университет бітіретін кезде ақша бұрынғыдан да көбірек керек дейді ғой. Бүгін базар күні бұрыш пен сарымсақты сата салысымен ақшасын жіберемін. Сол үшін ешнәрсеге алаңдама. Қатарыңнан қалмай оқуға тырыс. Күн бірден суытса, салқын тигізіп алма. Бастысы – денің сау, аман-есен жүр!

      *маджиги – дәстүрлі жер өлшемі, шамамен 500-600 м².

      Талғат АЛПЫСҰЛЫ


      Назад к списку

      Подписывайтесь
      на новости
      О газете
      О Газете
      История
      Партнеры
      Подписка на газету
      Архив газеты
      Сотрудники
      Актуально
      О корейцах
      О корейцах
      Корейское общественное движение
      Традиции и обычаи
      Библиотека
      Новости
      Статьи в газете
      Welcome to Korea
      Гранты и стипендии
      뉴스
      +7 (778) 160-13-34
      +7 (778) 160-13-34
      Заказать звонок
      E-mail
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      Адрес
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      Режим работы
      Пн. – Пт.: с 9:00 до 18:00
      gazeta.koreilbo@gmail.com
      050010, Казахстан, г. Алматы ул. Гоголя 2
      © 2026 Газета «Коре ильбо»
      Карта сайта
      Разработка сайта SITER.KZ