Ким Соуоль өлеңінің тарихы
Ким Соуоль немесе жай ғана Чжоңшик. Ақын өзінің бала күнінде көршінің қызы О Сунға ғашық болады. Қыз да оны ұнатады. Бірақ, бала махаббат көпке ұзамайды. Ким Соуоль небәрі 14 жасқа толғанда, атасының ықпалымен өзінен үш жас үлкен Хоң Даншиль есімді қызға үйленеді. О Сун болса, 19 жасында өзгеге жар атанып, бар-жоғы 22 жасында тұрмыстық өмірдің салдарынан дүниеден өтеді. Жерлеу рәсіміне қатысқан Ким Соуоль сол күнгі оқиғадан кейін осы өлеңді жазады.«Сенің рухыңа», аударған Тэхан Шин (Талғат Ш.)
Жан-жаққа шашылып, жайылған есім!
Қанша шақырсам да, иесі жоқ есім!
Үздіксіз шақырсам, үзілер демім,
Сонда да шақырамын!
Көңілде сақтаулы бір ауыз сөзім,
Ешқашан өзіңе ашылып айтпаған.
Жүректің түбінде мөп-мөлдір көзің
Мен үшін ең қымбат жан!
Қызарып батқан Күн мұңайды-дағы,
Өкірген бұғының дауысы естілді.
Қараусыз қалған бір тауға кеп тағы
Мен сені шақырамын!
Қайғы мен мұңға малынып шақырамын!
Қайғы мен мұңға салынып шақырамын!
Кей сөзім тура мекеніне жетпесе де,
Шексіз жер мен көкте сені шақырамын!
Тұрған күйі кетсем де, тасқа айналып,
Шақырамын, өтсе де, жылдар ғайып.
Сағыныш боп қаласың санамдағы
Мен үшін ең қымбат жан!
Ақынның ұлы Ким Чжоңхоның естеліктерінде О Сун есімді әйелдің нақты өмір сүргені немесе оның қайғылы өлімі жайлы тарихи құжаттар кездеспегені айтылады. Бұл шығарма – әдеби аңыз (문학적 전설) жанрына жатады. Алайда қосылмай кеткен қос ғашықтың махаббаты ретінде халық санасында мәңгілікке сақталды. Бұл аңызды әдебиет зерттеушісі Ким Ёңсам 1961 жылы «Соуольдың өмірбаяны» атты еңбегінде жариялайды. Одан бөлек ақынның жеңгесі Ке Хиёңнің 1969 жылы жазған «Мен тәрбиелеген Соуоль» атты кітабында Ким Соуоль бұл өлеңді небәрі 15 жыл ғұмыр кешкен жақын досы Ким Саңсопқа арнағаны жайлы дерек келтіреді.
Жоғарыда келтірілген деректерді салыстыра отырып, 15 жасында өмірден өткен досына арналған болса, шамамен 1917 жыл, ал 22 жасында дүниемен қоштасқан О Сунның қазасына арналып жазылса, 1924 жыл деген қорытынды шығады. Демек, алғашқы деректе ол «Азалия» жинағы жарық көргенге дейін газетке жарияланылуы тиіс еді, ал екінші нұсқа бойынша, жинақ шығардың алдында бір жыл бұрын жазылса, газетке шықпастан кітапқа қосылуы әбден мүмкін. Қай нұсқа дұрыс болған күннің өзінде нағыз лирикаға, мұңға толы бірегей өлең бізге мұра болып қалды. Өлеңнің түпнұсқасын 초혼 атауымен интернеттен іздеп таба аласыз. Орыс тіліне өлеңді Г. Ярославцева аударды.
김소월 – «초혼»
산산이 부서진 이름이여!
허공 중에 헤어진 이름이여!
불러도 주인 없는 이름이여!
부르다가 내가 죽을 이름이여!
심중에 남아 있는 말 한 마디는
끝끝내 마저 하지 못하였구나.
사랑하던 그 사람이여!
사랑하던 그 사람이여!
붉은 해는 서산마루에 걸렸다.
사슴의 무리도 슬피 운다.
떨어져 나가 앉은 산 위에서
나는 그대의 이름을 부르노라.
설움에 겹도록 부르노라.
설움에 겹도록 부르노라.
부르는 소리는 비껴가지만
하늘과 땅 사이가 너무 넓구나.
선 채로 이 자리에 돌이 되어도
부르다가 내가 죽을 이름이여!
사랑하던 그 사람이여!
사랑하던 그 사람이여!
Ким Соволь – «Зов души», перевод Г. Ярославцева
Имя любимой, что так знаменито,
Ныне от слуха людского сокрыто,
Отклика нет, сколь ее ни зови ты,
Имя, что будет вот-вот позабыто,
Я называю.
Слово, что в любящем сердце лелею,
Произнести не умею, не смею.
Милой оно предназначено,
Милой, чье имя утрачено.
Солнце закатное темно-багрово,
Скорбная страстность оленьего рева...
Стоя один на горе отдаленной,
Имя прекрасное снова и снова
Я называю.
Зовом, тоскою я обессилен,
Зовом, тоскою я обессилен,
Голос призывный мой слаб, хоть и внятен:
Слишком простор для него необъятен.
Так постепенно я онемею,
Стоя на месте, окаменею.
Статуя – ей предназначена,
Милой, чье имя утрачено...

