Төтенше жағдайлар министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес жүргізуде. Басқарма басшысы азаматтарды заңсыз әрекеттерге куә болған жағдайда жеке өзіне хабарласуға шақырады. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлім еткендей, ТЖМ ашық жұмыс форматына көшті. Азаматтық қорғау лауазымды тұлғаларына сенім деңгейін арттыру үшін, баслышықтың барлық деңгейінде азаматтармен ашық және тұрақты байланыс орнату жолға қойылған. Бұл объективті бағалау және қажет болған жағдайда тиісті шараларды қабылдау үшін жасалады. Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетінің тиімділігін арттыру үшін қазан айында қызметкерлерді адалдыққа тексеру «Integrity check» пилоттық жобасы енгізілді. Жоба жосықсыз қызметкерлерді дер кезінде анықтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алыдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ТЖМ-нің басшысы Министірліктің ішінде кез келген заңсыз әрекеттерді байқаған жағдайда, сенім телефоны арқылы немесе WhatsApp нөмірі (+7 747 651 75 88) арқылы жеке өзіне хабарласуға шақырды. Сондай-ақ Сырым Шәріпханов өтінішті Instagram желісіндегі жеке парақшасы арқылы немесе Е-Өтініш сервисі арқылы жасауға болатынын айтты.